Виртуалды анықтама

Құрметті оқырмандар!

Егер Сіз нақты тақырып бойынша әдебиет таңдауға қиналсаңыз немесе белгілі сұраққа жауап алғыңыз келсе, Сізге виртуалды анықтама қызметі көмек көрсетеді.

Қызмет туралы

Біз дүйсенбіден жұма күніне дейін жұмыс істейміз! Интернет-технологияны пайдалана отырып алыс жердегі пайдаланушыларға on-line режиміндегі ақпараттық қызметті ұсынатын виртуалды анықтама қызметі төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- қызметті барлық пайдаланушының тегін пайдалануы;
- талап етілген ақпарат болмаған жағдайда да сұраныстарды орындау және дұрыс жауап беру міндетті болып табылады;
- қызмет көрсетудегі жеделдік;
- қызмет көрсетудегі құпиялық (тапсырыс берушінің жеке басының мәліметтерін жарияламау). Виртуалды анықтама қызметі біздің кітапхана қорындағы нақты басылымның бар-жоғы туралы ақпарат беруге көмектеседі. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша әдебиеттер тізімін (5 аталымнан артық емес) құрастыруға көмектеседі. Одан өзге біз Сізге нақты оқиға және дәйек туралы ақпарат беруге көмектесе аламыз. Виртуалды анықтама қызметі шеңберінде толық мәтіндер берілмейді. Сіздің сұраныстарыңызға кітапхананың білікті библиографтары жауап береді. Пайдаланушының кітапхана оқырманы болмаса да оған қызмет көрсетіледі.

Сұраныстардың орындалу мерзімі

Сұраныстар кітапхананың барлық жұмыс күнінде қабылданып, олардың түсу реті бойынша орындалады. Демалыс, мереке және санитарлық күндері анықтама орындалмайды. Күн сайын орындау үшін 5 жұмыс қабылданады. Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 сұраныс ғана қабылданады. Сұранысты орындаудың мерзімі – 3 күнге дейін. Кітапхана қорындағы нақты басылымның бар-жоғы туралы ақпарат 1 жұмыс күні ішінде орындалады. Күрделі емес тақырыптық сұраныстар 1-2 жұмыс күні ішінде орындалады. Фактографиялық сұраныстар 1-3 жұмыс күні ішінде орындалады.

Шектеулер

Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 сұраныс қана қабылданады. Сұраныста бірнеше сұрақ болған жағдайда орындауға қызметкердің таңдауы бойынша бір ғана сұраныс қабылданады. БАҚ қызметіне алыстағы пайдаланушыларға кітапхана қорларынан электронды және толық мәтінді құжаттарды жеткізіп беру жатпайды. Анықтамалық қызмет мынадай мәселелерді қарастырмайды: қате құрастырылған сұраныстар; математикалық, физикалық, химиялық және т.б. есептер шешумен байланысты, коммерциялық сипаттағы (мысалы, сату-сатып алу туралы ақпарат); заңдар мен нормативтік актілерге түсінік беруге байланысты жолданған сұраныстар; дайын рефераттарды, курстық және басқа да жұмыстарды талап еткен сұраныстар; көңіл көтеру сипатындағы (кроссвордтардың, викториналардың сұрақтарына жауап беру және т.б.) сұраныстар; кітапхананың жұмыс тәртібі, қызмет көрсету регламенті және кітапхана қорын пайдалану. Жөнсіз сұрақтар мен сөздерді алып тастауға құқығымыз бар.

1—10 нәрсе, барлығы 28.
№: 1
Имя: Гулстан
Email: gulstanm@mail.ru
Вопрос: Салеметсіз бе, Сіздерде Икрам Адырбековтың "Елшінің жазбасынан" деген кітабы бар ма?
Ответ: Сәлеметсіз бе, ия кітапхана қорында бұл кітап бар. Келіп алуыңызға болады. Рахмет!

№: 2
Имя: Гулстан
Email: gulstanm@mail.ru
Вопрос: Қайырлы күн! Сіздерде Решат Нури Гүнтекиннің "Үзілген жапырақтар" кітабы бар ма екен? Рахмет!
Ответ: Сәлеметсіз бе! Құрметті оқырман, ия кітапхана қорында бұл кітап бар. Келіп алуыңызға болады. Гүнтекин Решат Нури. Үзілген жапырақтар: повесть/Түрік тілінен ауд. Г.Файзолла.-Астана: Фолиант, 2018.-176 б.

№: 3
Имя: Куаныш
Email: kuanysh@mail.ru
Вопрос: Сәлеметсіз бе!Кітапханада Қабдеш Жұмаділовтың "Соңғы көш" кітабының 1 том бар ма? Жауабыңызға рахмет!
Ответ: Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» атты кітабы 1,2 томы біздің кітапхана қорында бар. Келіп алуыңызға болады.

№: 4
Имя: Асан
Email: Zhazira.Usaeva.81@inbox.ru
Вопрос: Здравствуйте. Как можно у вас зарегистрироваться ? и Сколько книг я могу взять на руки ?
Ответ: Добрый день. Для того чтобы у нас зарегистрироваться нужно принести с собой удостоверение личности. Абонементу на руки выдаются 5 книг со сроком на 10 дней. Приходи будем Вас ждать. Спасибо!

№: 5
Имя: Шолпан
Email: Sholpan22@gmail.com
Вопрос: Сәлеметсіз бе, Кітапханада Ғалым Жайлы байдың "Қара орамал" кітабы келіп түсті ма? Рахмет!
Ответ: Сәлеметсіз бе, Құрметті оқырман! Ия, сіз сұраған Ғалым Жайлыбайдың "Қара орамал" кітабы біздің кітапхана қорына келіп түсті, алып оқуыңызға болады! Рахмет!

№: 6
Имя: Ару
Email: Aruka33@mail.ru
Вопрос: Сәлеметсіз бе, Сіздерде Ілияс Есенберлиннің "Жанталас" кітабы бар ма? Келіп алуға болады ма?
Ответ: Сәлеметсіз бе! Ару ханым, І. Есенберлиннің " Жанталас" кітабы кітапхана қорында бар, әрине болады!

№: 7
Имя: Баян
Email: Nugmanbayan@mail.ru
Вопрос: Саламатсыз ба. Төлен Әбдікұлының "Оң қол" кітабы бар ма?
Ответ: Cәлеметсіз бе, Баян! Ия, сіз іздеген Төлен Әбдікұлының "Оң қол" кітабы балалар кітапханасының кітап қорында бар. Келіп алуыңызға болады.

№: 8
Имя: Анвар
Email: Baigazievanvar@mail.ru
Вопрос: Гарри Поттердің дары смерти 2 часть бар ма?
Ответ: Қайырлы күн,Анвар! Гарри Потердің "Дары смерти" кітабы кітапхана қорында бар. Келіп алып оқуыңызға болады.

№: 9
Имя: Інжу
Email: Kuanyshbekinju@mail.ru
Вопрос: Агата Кристидің "Жеті циферблаттар құпиясы" кітабы бар ма?
Ответ: Сәлеметсіз бе, Сіз сұраған кітап балалар кітапханасының кітап қорында бар. Келіп алуыңызға болады.

№: 10
Имя: Балнур
Email: Balnurbala@mail.ru
Вопрос: Ужастики бар ма?
Ответ: Қайырлы күн, ия кітапханаға жаңадан осы серия бойынша көптеген кітаптар келіп түсті. Кітапханаға келіп алуыңызға болады.