Ұлы даланың көне сарындары

2018 жылдың 6 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы даланың көне сарындары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шараға кітапхана оқырмандары,мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетін жинақтау, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай,  т.б. дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындалар топтамасын насихаттау;

Мақалада Қазақстан Президенті «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігін атап өтеді. «Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері - ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын - «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет», - дейді Елбасы. ҚР Президентінің пайымынша, Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев. Дала фольклорының антологиясы, Ұлы даланың көне сарындары жинағы ұлттық өнеріміздің тарихындағы айтулы жаңғырудың бірі болмақ.

Көрмеге кітапхана қорындағы кітаптар қойылды

IMG_3053 WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (1) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (5) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (12) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (16) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (17) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (20) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (23) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.13.46 (27) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.14.41 (2) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.14.41 (4) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.14.41 (9) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.14.42 (4) WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.14.42 WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.19.17 WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.19.45 WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.20.07 WhatsApp Image 2018-12-04 at 17.20.12 WhatsApp Image 2018-12-05 at 09.39.10 (1) WhatsApp Image 2018-12-05 at 09.39.10 (2)