Алтын адам туралы аңыз
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқау болған «Алтын адам туралы аңыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына арнайы 6 сынып оқушылары шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып, егжей -тегжейлі түсіндіру. Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету, Алтын адам туралы алғашқы түсінік беру,
тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру,отансүйгіштік,елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Алтын адам» жайлы тақырыптық кітап көрмесі таныстырылып, оқырман назарына тарихи бейне –таспалар, деректі фильдер ұсынылды. Кітапхана библиографы М.Айтжанова балалар кітапханасына жаңадан келіп түскен тарихи кітаптарға библиографиялық шолу жасады.
Алтын Адам – Алматы обл. Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқаны дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңында орнатылды, төбе бөркіндеген қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.