Біз Қазақстанда тұрамыз!

2022 жылдың маусым-тамыз айларында кітапхана алаңында ашық аспан астында «Кітапханадағы жаз» демалыс бағдарламасы аясында бірқартар іс-шаралар өткізілді. 24 тамыз күні балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді нақышына келтіріп айтуға, кітап оқуға қызығушылығын арттырып оқуға шақыру, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстау мақсатында «Біз Қазақстанда тұрамыз!» атты әңгіме шолу іс-шарасымен «Кітапханадағы жаз» демалыс бағдарламасының жабылуы өткізілді.

        Оқырман назарына қазіргі таңда танымал балалар авторларының шығармалары, ертегілер, кітапшалар, балаларға арналған танымдық анықтамалар, балалар журналдары ұсынылды. Көрмедегі түрлі- түсті кітаптар балдырғандарға айрықша ұнап, кітапханашы әр кітапқа қызықты шолу жасады. Балалар тамаша табиғат әлеміне саяхат жасап, әдеби кейіпкерлермен ертегі әлемінде болып, өз ойларымен бөлісіп, ілтипаттарын танытты. Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жазғы демалыстарын көңілді ұйымдастырып, қордағы әдебиеттерімізді насихаттау мақсатында әлі де жұмыстар жалғаса береді.

4 5 6