Ержүрек батыр

2021 жылдың 4 тамыз күні кітапхананың балалар бөлімі даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай « Ержүрек батыр» тақырыбында тарихи сағат өткізді.

     Шараның мақсаты:  дарабоз – батыр, талантты қолбасшының ерен ерлігі мен  батырлығын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, туған жерін, елін, суюге тәрбиелеу болды.

      Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік күресін Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәттіқара т.б. халық ақындары жырларында арқау етсе, жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жазған.   Сонымен қатар оқырмандарға батырдың қысқаша өмірбаянымен және кітап көрмесін кітапханашы таныстырып өтті.

 

55 888

index