Әдептілік-әдемілік белгісі
«2021 жыл- Балалар әдебиетін қолдау жылы» аясында кітапхананың тұрақты оқырмандар арасында «Әдептілік-әдемілік белгісі» тақырыбында әңгіме-диалог өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
Кітапханашы: А.Ермагамбетова әдептілік туралы толық ақпарат беріп өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара қызықты өтті.