Қазақтың ұлттық ойындары
2022 жыл "Балалар жылы" аясында, 19- Наурыз «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай кітапхананың балалар бөлімі мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ойын өткізді. Мақсаты: қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы баланың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыру, ойындар арқылы әлеуметтік өмірдің қыр-сырын таныту.
Бұл ойын түрлері денсаулыққа өте пайдалы және балалар дене қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Ептілікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш қуат молдығын, білек күшін қажет ететін қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың денсаулығын нығайтуға, адамның икемді де епті, күшті де төзімді болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізетініне сеніміміз мол.