Хочу все знать

«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында өткізілетін «Балалар әлемінде» атты балалар кітабының төртінші күні «Бәрін білгім келеді» атты танымдық экскурс өтті.

      Балалар бөлімінің оқу залында кітапханашы кітапхана ережелерімен таныстырып, балалар назарына жаңа кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, мерейтойлы кітаптарға да шолу жасалды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарын қызығушылықпен қарап шықты. Балалар қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптейтін «Атамұра» бөліміне де кіріп қазақ халқының ұлттық киім–кешектерімен, бұйымдарымен және де «Білім» орталығымен танысты.