Кітап-жан азығы, өмір қазығы

2022 жылдың 22 сәуір күні балалар кітапханасында №1 мектеп 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап -жан азығы,өмір қазығы» ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.

Балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Кулмишева кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы туралы тың дерек көздермен бөлісті. Іс-шара барысында «Кітап -жан азығы,өмір қазығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге көркем әдебиет, тарихи және танымдық әдебиеттер, анықтамалар мен «Атамұра» мектеп кітапханасы, «Мектеп кітапханасы», «Бөбекке арнаймын» топтамалары бойынша жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Оқушылар өзіне керекті және қызықты дерек көздермен танысты.

 

13 12 11 9 8 7 6 5