Кітапханаға саяхат
2022 жылдың 4, 7 маусым күндері жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаламыздағы № 1,№ 2 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге кітапханаға экскурсияға келді.
Жас оқырмандарымыз кітапхананың бір күндік жұмыс барысы, әр бөлімнің атқаратын қызметі, кітап қорымен танысты.
Балалар кітапханасының оқу залында балалардың назарын кітап басылымдарындағы түрлі-түсті иллюстрацияларға аудару үшін орналасқан кітаптарды ашық қарау ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері жаңа кітаптарға, дыбыстық кітаптарға шолу жасады. «Білім» орталығында балаларға мульфильм көрсетілді. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарын қызығушылықпен қарап шықты.
Кітапхана-ақыл-білім,адамгершілік ордасы.Сондықтан осы киелі мекенге оқушылардың жиі келіп, кітапхана қорындағы бай әдебиетпен танысып,сусындап өсіп, жиі бас сұғып тұрғаны абзал.