Кітапты оқы, зердеңе тоқы
Апталықтың екінші күні мерейгер ақындардың кітаптарын насихаттау мақсатында «Кітапты оқы, зердеңе тоқы» мәнерлеп оқуымен жалғасты.
Мақсаты:Ақындардың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін
арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. Балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Кулмишева ақын-жазушыларының шығармалары мен өмірі таныстырды. Қатысушы оқырмандар ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан монолог және өлең оқып, сондай-ақ өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.