Кітапханадағы жаз
Жаз! Балалар мен ересектер үшін жылдың ең сүйікті уақыты. Көптен күткен демалыс уақыты да келді. Көлде шомылып, саябақта серуендеп, басқа қалаларға қыдырумен қатар кітап оқуды да ұмытпаған жөн. Өйткені кітаптар біздің ең жақсы достарымыз.
Қалалық кітапханада « Кітапханадағы жаз» жазғы оқу демалыс бағдарламасы аясында жоспарлы түрде 06 маусым -30 тамыз аралығында «Көңіл күймен оқу», «Бала кезден достықты қадірле», «Өзіміз ойнайық,бірге ойнайық» тақырыбымен әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Жазғы оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: жазғы демалыста балалардың мәдени тынығуына, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға жаңадан келіп түскен балалар мен жасөспірімдер әдебиеттерімен таныстыру;
Жазғы кітапханада балалар ұнаған кітап, журналдарын оқып, оларды үйге алып, сурет салып, шахмат пен дойбы ойнап, конструкторларды құрастыра алады. Сондай-ақ, алаңда балалар кітап оқығаннан кейін сергіп ойнайтын ойын кешені бар. Ашық аспан астындағы оқу залында дойбы ойнау, сурет салу,шахмат ойнау сияқты әртүрлі конкурстар күнделікті ұйымдастырылып отырады.
Жаздың жайма шуақ күнінде кітапханаға келген әрбір оқырман қызықты шараның куәсі болады.