Менің денсаулығым-менің байлығым
2022 жыл- «Балалар жылы» аясында, 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай кітапхананың балалар бөлімінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің денсаулығым-менің байлығым» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Шарада кітапханашы А.Ермагамбетова дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екендігін, оны бүгінгі медицина ғылымы дәлелдегенін айтып, оқырманға кең түсініктеме берді. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп денсаулық сағатын аяқтады.