Менің сүйікті кейіпкерім

«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында өткізілетін «Балалар әлемінде» атты  балалар  кітабының жабылуы «Менің сүйікті кейіпкерім» атты сурет байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру.

Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Оқушылар оқыған  кітаптарынан өздерінің  сүйікті кейіпкерлерінің суретін салып, өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға кейіпкерлердің суретін қағаз бетіне түсіріп салу өте қызықты екенін айтты. Әр баланың өз қиялымен салынған суреті өте тамаша болды.