Рәміздерім мақтанышым

4 маусым  ҚР Мемлекеттік рәміздер  күніне орай  балалар бөлімі  «Рәміздерім мақтанышым» атты танымдық презентация ұйымдастырылды.

      Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,  елінің Туын,  Елтаңбасын,  Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

       «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан Назарбаев.