Бақытты балалық шақ
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхананың балалар бөлімінде «Бақытты балалық шақ» атты ойын-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу. Аталған іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.