Тіл-достықтың алтын көпірі
5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай «Парасат» жолы бұрышында кітапхананың балалар бөлімі «Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, балаларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
№1 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада кітапханашы Ж.Кулмишева ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында кең көлемде ақпарат беріп, бейнеролик көрсетілді. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер қойылды.