Тәуелсіздік-Елімнің ерлік жолы

2021 жылдың 13 желтоқсан күні кітапхананың балалар бөлімінде «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

       Іс-шара барысында кітапханашы А.Ермагамбетова еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін, сондай-ақ оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігі туралы ақпарат беріп өтті. Шара соңында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

11 12 13 15