Жұмбақтар әлемінде

Приозерск қалалық балалар кітапханасы 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне өткізілген балалар кітабы апталығының соңғы күнін «Жұмбақтар әлемінде» атты әдеби лотореямен аяқтады.

Мақсаты: Жұмбақтар арқылы оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру; шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бір – бірін тыңдай білуге, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада кітаптың жұмбақ әрі еліктіргіш әлеміне тап болған балалар өз білімдерін, біліктіліктерін, тапқыштықтарын викториналық тапсырмаларда көрсетті. Кітапханашы А.Ермагамбетова оқушыларға берген сұрақтарға олар тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлары арқылы жауап беріп, білімді, білгір, екендіктерін көрсетті. Кітап апталығы балаларға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

15 14 13 12 11 9 8