Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс
2023 жылдың 25 сәуір күні Адалдық алаңы «Парасат жолы» бұрышында Алаш қозғалысының қайраткері, ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай « Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты: Алаш қайраткері Х.Досмуханбетовтың өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми қызметтері және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы айту;
Алаш Орда көсемдерінің бірі, айтулы мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым және ағартушы Халел Досмұхамедұлының туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Оның күреске толы өмір жолы, талайлы тағдыры талайға сабақ. Бүгінде ол – халқымыз мақтаныш тұтатын қастерлі тарихи тұлғалардың бірі. Бұдан бір ғасыр ілгеріде қазақ халқын қараңғылық түнегінен өркениетке бастайтын ағартушылық, ғылыми-педагогикалық қызметке өзін біржолата арнаған Халел Досмұхамедұлы сынды ұлт қайраткерінің өмір жолын, мол мұрасын білу – қазіргі ұрпаққа парыз.
Іс-шара барысында «Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қоғам қайраткері жайында бейнеролик көрсетілді.