Абай Қалың елім, қазағым

Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл жинағына біршама өлеңдері іріктеп алынды. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Қалың оқырман қауым Абай сөздері арқылы өз жүрегіне, өз табиғатына тағы бір үңіле түседі деп сенеміз.