Қаз дауысты Қазыбек би

Үлкен тапқырлығымен қоса, ғажайып шешендігімен қазақ, қалмақты таңырқатқан Қаз дауысты Қазыбек би өз ел – жұртының қамын ойлап жарғақ құлағы жастыққа тимеген ғұлама. Оның екі ел арасындағы елшілік қызметі де өз алдына бір төбе, әсіресе Қазақ пен Қалмақты бітістірудегі ерен еңбегі кезінде ел ішінде аңызға айналғаны тарихтан мәлім. Бидің осы кітапқа енген парасатқа толы ойлары, маржан сөздері жас ұрпаққа үлгі – өнеге болары айқын деп білеміз.