Мен неден бақыттымын?

Ертегіде Панда-Балақайдың өмірінен үзінді беру арқылы, олардың өмірінде кездесетін қиындықтар туралы айтылады. Негізінен панда – саны азайып кеткен аңдар қатарында. Анасымен бірге азық іздеп шыққан қыз бала Панда өзінің орманын, ондағы ағаштарды жанындай жақсы көреді. Егер оның еркінде болса, осынау кішкентай Отанын ештеңеге айырбастамас еді. Ертегіде Панданың анасымен бірге бамбуктың тәтті бұтақтарын тойғанынша жегені, бейбіт өмірі туралы айтылады. Бір күні ол үлкен өмір жолында сапар шегу үшін анасымен қоштасып, өз бетінше өмір сүруге жиналады. Ертегі соңында біздің кішкентай Пандамыздың өзі де ана болғанын, қолында сәбиін әлдилеп отырғанын көреміз. Өмір жалғасып жатыр...

Балаларға әлемдегі қорғауға алынған жануарлар туралы мәлімет беріледі. Балалар орман тіршілігі туралы өз түйгендерін ортаға салады.