Неліктен мен көңілсізбін?

Туғалы үңгірінен шықпаған Ақ Қонжықты анасы азық іздеуге алып шығады. Теңізге шыққанда Ана – аюдың салмағын көтере алмай, мұз шытынап жарыла бастағанда кішкентай Ақ Қонжық қорқып кетеді. Сол кезде анасы алдыңғы және артқы аяқтарын тарбитып созып жіберіп, салмағын жан – жаққа бөліп, еңбектей жылжиды. Ол анасынан «біз үнемі осылай қиналамыз ба?» деп сұрады. Анасы бір кездері мұз қалың болғанда теңіз мысықтарын аулау оңай болғанын, қыс жылы болған соңғы кезде азық табу үшін көп іздеуге, көп жүруге тура келетінін айтты. Тіршілік етудің қиындығына қарамастан, өзін алға жетелейтін үміті – ол Ақ Қонжығы екенін айтады.