Шұбар тауық
Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті.Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты.Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты.Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты.Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты.Атай мен әжей жылапты.Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:Жыламашы, аташым!Мұңаймашы, әжешім!Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін, депті.