Жиенбаев С. Өлеңдер
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай – қайсысын да балалық бейнесінде береді.
Өзіңмен сырласып, өзіңмен мұңдасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Ондай сәтері ақын да сезім құбылыс – құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра жырлай келіп «... жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып» - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер – дүниеде әділдік болуы үшін бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қаламауы керек. Сәбилік сезім ақын үгін кісілік кредосы! Ақын жры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз оқырманын адалдыққа баулиды.
Үлкен, кіші деп жатар не бар, шыншыл жыр, сыршыл жыр – балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай – қайсысын да бейтарап қалдырмайды, елітеді, ерітеді, тербейді, тебірентеді.