Кәп Құмарұлы Егеухан Мұқамәдиқызы Қос шалқар

Бұл  жанақта ерлі-зайыпты ақындардың Атамекен-Қазақстаннан жырақта жүріп жазған сағынышқа толы жүрек моншақтары мөлдіреген өлең тілінде өріледі. Ұрпақ тәрбиесіне арналған тәлімді жырлар, Ата тарихқа құрмет, қазақы салт-дәстүрге ізет  танытар, адами қадір-қасиетке өзек болар тағылымды туындылар оқырманның сезім қылын шертері анық. Сырттағы қандастардың басынан кешкен талайлы тағдыры да жыр-дастандардың білтесі.Кітап ұлт тарихына, қазақы өмірге құрметпен қарайтын барша оқырманға арналады.