«Кітап өмірлік серігің»

2017 жылдың 5 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде кітап апталығының үшінші күні  «Кітап өмірлік серігің» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кешімізге 8 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамыту. Іс-шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, жаңа кітаптармен таныстырылды. Кеш барысында оқушыларға «Әлемдегі ең қымбат кітаптар», «Кітапты қалай оқу керек ?», «Кітапты жылдам оқыған жақсы ма?», «Көп оқудың пайдасы» туралы қосымша ақпараттармен таныстырып және оқушылар өз пікірлерін де білдіріп отырды. Өздерінің кітап оқу әдістерімен де бөлісті.