«Кітапхана- шығармашылық пен жаңашылдық әлемі»

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде  2015  жылдың 23 сәуірі күні дүниежүзілік кітап күніне  арналған «Кітапхана- шығармашылық пен жаңашылдық әлемі» атты кітапханашылар арасында  семинар өткізілді. Аталмыш  семинарға қаламыздағы мектеп кітапханашылары мен №44841 әскери бөлім кітапханашысы қатысты.        

Семинардың мақсаты: кiтапханалардағы кiтапханалық қызмет көрсетудi дамытуды басқаруға кiтапханашылардың назарын аудару, демек инновацияны шебер енгiзе білу: ғылымның жетістіктерін iс жүзiнде қолданып, стратегиялық жоспарлау, маркетинг және жоба жұмысын кең қолдану;кітапхана қызметкерлерінің  біліктілігін аттыру, олардың шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру;

Семинардың міндеті:   жаңа кiтапханалық - библиографиялық және ақпараттық технологияларды меңгеру;иновациялы дамуға яғни объективті, нақты принципті және қарқынды сипатта қоғамда  болып  жатқан өзгерістерге бағыт-бағдар жасау;

DSCF2158 DSCF2177 DSCF2186

Семинар кітапхана директоры П.Кенжебекованың алғы сөзімен ашылып,  кітапханашылар мен келген қонақтарды дүниежүзілік кітап күнімен құттықтады. Бағдарламаға сәйкес «Кітапхана-ақпарат орталығы: виртуалды оқырман», «Кітапхана ісін ұйымдастыру- дәстүрлі емес кітап көрмелері», «Электронды каталог. Кітапханадағы кітап қорын есепке алу және оның жүргізілуі», «Балалар кітапханасындағы үйірме және «Үміт» бағдарламасының жұмысы»  тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Әр кітапханашы семинардан жаңа ақпараттар алғандарын айтып, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Тәжірбие алмасу негізінде ұйымдастырылған семинар өз мақсатына жетті.

 Библиограф: И.А Курманбаева