«Өткен күндер» жыр жинағы
2017 жылдың 21 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаламыздыңжас ақыны Бақберген Арысланбаевтың «Өткен күндер» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жас ақынның бұл жинағына әр жылдары жазылған түрлі тақырыпты қамтитын өлеңдері енгізіліп отыр. Тұма жырлардың алғашқы оқырмандары ретінде Журналистер Одағының мүшесі, ақын, қала өмірінің рухани-мәдени іс-шараларының белсенді аға буын өкілі, жас ақындардың жанашыр, бағдаршысы Нұрғали Қарабеков қатысты. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және «Жас Отан» жастар қанатының «Жасыл ел» сарбаздары шақырылды. Тұсаукесер рәсімі барысында, ақын мен оқырмандар арасында мағыналы да мазмұнды ойлар алмасылып, жастар тарапынан авторға түрлі сауалдар қойылды.
Кеш барысында Бақберген Арысланбаев қалалық кітапхананың басшысы Павлина Кенжебековаға осындай игі шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығын білдіріп, тырнақ алды туындысын оқырмандардың кітап қорына тарту етті.Аталмыш кітап 114-беттен тұрады. «Астана» баспасы «ЖАСЫН» шығармашылық орталығында терілген.
Бақбергенге жазар көбейсін демекпіз...!