Құлманова Зиба Тастағы Тараз тарихы
Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құлманованың зерттеу мақалалары еніп отыр. Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары. Бұл өңірден ел бастаған би-шешендер,қазақ жерінің азаттығы жолында жан аямай күрескен талай-талай батырлар шыққан. Еңбектің жас ұрпақтың ел тарихынтанып-білудегі маңызы өте үлкен болмақ.