Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері
Бейсенбайұлы Ж
Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері
Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, негізінен, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. Олардың тас дәуірлеріндегі климаттық жағдаяттарға байланысты әр тарапқа таралу бағыттары мен сол қауымдардың кейінгі ұрпақтарының неолит, энеолит замандарында сероглазов, мақанжар, атбасар, көнешұңқыр, ботай секілді бірқатар түздік мәдениеттер аясында тіршілік кешкеніне, көптеген этномәдени нышандардың өзара сабақтас екендігіне назар аударылады.
Кітап авторы Ж.Бейсенбайұлы- белгілі жазушы,зерттеуші,шоқантанушы. Филология ғылымының кандидаты.Оның бұған дейін халқымыздың ежелгі этномәдениетіне арналған «Арғы түріктер ақиқатының ізімен» зерттеу кітабы, «Орталық Азиядағы арғытүрік сипатты мәдениеттер:этнотектік аспектілер» атты ғылыми монографиясы жарық көрген.