Медеу Сәрсеке. Шығармалары
Қазақ қауымына жақсы мәлім, орыс тіліне де аударылып, жұртшылық тезінен өткен деректі хикаяттары туралы: «Өмірлік мұраттарымыз жаңарған соң өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді.Күні кеше құнды болған жайттарға сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайталанатын болды. Алайда сол туындыларды бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып тастауға бола ма? з басым сщған шүбәлімін. Жоқ ұмытуға болмайтын да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес...»- деген тұжырым айтады сексен жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сәрсеке.