Менің елім-Қазақстан

2016 жылдың 13-ші қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына  байланысты «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Менің елім-Қазақстан»  атты патриоттық ән  байқауы өтті.

Мақсаты: Егеменді еліміздің қол жеткізген табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, заңғар заманын әлемге паш ету. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Жалпы байқау 13-17 жас аралығында өткізілді. Байқау 2 сатыдан тұрады, біріншісі  патриоттық ән айту болса, екінші саты еркін тақырыпта ән айту. Бас жүлдені  №1 жалпы қазақ орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Мейрман Аяжан иеленді.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.

         Қазақстанның туы биікке желбірей берсін!

IMG_2606 IMG_2612 IMG_2624