Менің сүйікті қалам, Приозерск

 «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  2016 жылдың  30 шілдесінде   өтетін қала күніне орай  дәстүр  бойынша   «Менің сүйікті қалам, Приозерск» деп аталатын сурет көрмесі ұйымдастырылды. 

              Мақсаты : : «Приозерск» қаласының 60 жылдығына орай оқушылардың қала туралы  білімдерін толықтыру, дүниетанымдарын кеңейту,  қала тарихы туралы толық мәлімет беру және туған жерін сүюге, оның тарихын білуге тәрбиелеу. 

Көрмеге 0 – 9 сынып оқырмандары қатысты.

             Приозерск қаласы (Қоржынтүбек) - Қала 1956 жылы құралды. Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте орналасқан Приозерск қаласына биыл 60 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады.  

          Сурет көрмесіне Приозерск қаласының  суреттері және қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар оқырман назарына ұсынылды.          

          Қатысқан оқырман саны – 15 бала.

20160722_093828 20160722_094457