«Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған жалпы қазақстандық ашық диктант

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу  бөлімінде  ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының  орынбасары Б.Майлыбаевтың 2015 жылғы 16 қазанда №35-12.43 бекіткен «Этномәдени  бірлестіктердің  жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету  бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралардың  31-тармағын орындау мақсатында  2016 жылдың 18 мамырында «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді.  Кітапхана директоры Кенжебекова Павлина Сиязбековна «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған жалпы қазақстандық ашық диктант  қатысушыларына сәттілік  тілеп диктант өткізу  ережесімен таныстырды.

Жалпы ашық диктанттың мақсаты мақсаты:  : мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын оятып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту;Қазақстандықтардың бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру; мемлекеттік тілді білу арқылы этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыру; барлық қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік беру; қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту.

Ашық диктант мәтінін   оқу қалалық  №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Амантаева Фарида Керімбиевнаға тапсырылған болатын .

Ашық диктантқа қаламыздағы этномәдени бірлестіктер өкілдерінен  мен жастар орталығының мүшелері, сонымен қоса мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар қатысты. 

Қатысушылардың білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын анқытау мақсатында арнайы комиссия құрылып, комиссия мүшелері жоғары нәтиже көрсеткен  екі ашық диктант қатысушысын  естелік сыйлықпен марапаттады. 

IMG_4402 IMG_4410 IMG_4415 IMG_4422 IMG_4439