Мәңгілікрухани орда

 Бүгінгі кітапхана - әлеуметтік институт ретінде заманауи ақпараттық қоғамды қалыптастыруға белсенді қатысатын мекеме. Осыған орай, әлемдік ақпараттық кеңістікке кітапханаларды белсенді ықпалдастыру және оқырмандарға қызмет көрсету мәдениетін арттыру міндеті осы сала мамандарына жүктеледі.


22 Осынау азабы мен ғажабы қат-қабат кітапханашы еңбегі еленді ме, 1999 жылы Алматы қалалық әкімшілігі 15-қазанды кітапханашылар күні ретінде белгілеу туралы шешім шығарды. Мұны мамандар үлкен тарту деп қабылдады. Міне, содан бастап алматылық кітапханашылармен қатар еліміздің өңірлеріндегі әріптестеріміз жыл сайын осы төл мерекені ресми болмаса да асыға күтеді. Өз жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне әріптестік ақ тілектер арнап, құттықтаулар жолдауды дәстүрге айналдырды. Одан бөлек, қазақстандық қоғам өміріне кітапханашылар да өз үнін жеткізуге мүмкіндік алды. Осылайша, еліміздің мәдени-ағарту ісін ілгерілетудегі кітапханашы қауымының қосып жатқан үлесі айқын көріне бастады.

2008 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Респулбикасы Заңына сәйкес Приозерск қаласының әкімдігінің шешімімен  «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі болып, қайта тіркеуден өтті.

33 Алғашқы күннен бастап-ақ, бұл мекеме қаладағы оқырмандар сұранысын қанағаттандырумен бірге, оқу-ағарту ісіне белсенді қатысып келеді.

Біздің міндетіміз — жастар мен жасөспірімдерді жүйелі оқуға тарту, оларға қол жетімді ақпарат көздерін ұсыну, жастардың сұранысына  байланысты кітапхана  қорын  әдебиеттермен толықтыру. Сондай-ақ түрлі тәрбиелік мақсаттағы салалық оқу құралдарын тиімді пайдалану, «Мәдени мұра» бағдарламасына сай, өлкетану, білім беру ісіне көмек көрсету бағытында көпшілік шаралар біздің кітапханада жүйелі өткізіледі.

Оқырмандарға абонемент, оқу залы, интернет залы, әдістеме-библиографиялық бөлімі қызмет көрсетеді. Кітап қоры оқырмандардың сұранысына сай толығып тұрады. 54803 дана кітаптың  9213-і —  қазақ тілінде. Биыл  1 180 992  теңгеге жаңа кітаптар алынды.  

Жалпы кітапхана  құрылғаннан бастап, ұзақ жылдар мекемені басқарып, еңбегін сіңірген келелі табыстарға жетуде басшымыз П.С.Кенжебекованың қосқан үлесі зор. Мәселен,  , әдістеме ісін дамытуда алдына жан салмаған Хизирова Г.Н, оқырман сұранысына қарай қажетінше қорды толықтыра  білетін  Қозыгелдиева Ш.Ө, тікесінен тік тұрып  оқырмандарға ізетпен қызмет ететін Орақбаева А.М, Курманбекова К, Есенбаева Г. секілді  тамаша  қызметкерлеріміз жас мамандарымызға  үлгі болып, өз қызметтерін адал атқарып келеді.

44 Қазір өз саласының білікті маманы  Кенжебекова П.С  басқаратын мекемемізде түрлі инновациялық  жұмыс түрлері  басшылыққа алынып, оқырмандарымыз үшін  көпшілік шараларға қатысу  қызғылықты әрі пайдалы болуына басым көңіл бөлінуде. Мәселен, «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы және Елбасы Жолдауын насихаттаумен бірге 20 тамыз айында «Жаңашыл технологиялармен танысу және оларды өз ара талқылау» атты тақырыпта кітапханашылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Бұған қоса 9 тамыз «МағжанЖұмабаевтың -120 жылдығына»арналған кітапханалық жобалар байқауы өткізілді. 

«Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі, білім беру мекемелерімен бірлесіп, өскелең ұрпаққа оқу-тәрбие ісін жүргізуге мүдделі.  Сонымен қатар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі, Приозерск қалалық жастармен жұмыс жөніндегі орталық, «Нұр Отан» ХДП-ның  да өткізетін шараларына ат салысуды өз міндеттеріміз деп санаймыз.

            Кітапхана – мәдени-ағартушылық, әр адамның өзіндік білім алуына жәрдемдесетін мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Бүгінгі күнде кітапхана – ақпарат орталығы.

55 Кітапхана – білім мен ғылымордасы. Бұлдемалуға, ойлануға, әринекөпнәрсебілугеболатынжер. Кітапхана – ғылымотаны.

Кітапхана – бұлкүнделіктіөмір. Бұләлемгежәнеоқиғаларғаапаратынесік. Мұндабізсөзшеберлеріменкездесеміз. Кітапхана – руханидемалып, бұлбұрынбілгенжәнебілмегендітанитынкереметжер. Кітапхана – бұлғылымжұмағы!!! Көпоқыған, көпбілер!!!

Кітапхана – басқаәлемгеапаратынжол. Әрі, мұндайәлемөтекөп, әрқайсысымұндаөзәлемінтабады. Бұданбасқаолтаусылмайтынбілімкөзі. Кітапхананың бары қандайкеремет!

Кітапхана – сүңгіп, барлықмәселелерденарылатынбілімніңүлкендариясы!

Кітапоқымаған бала нәралмағаншыбықпентең!

Кітапоқыпалғанбілім – ғұмырлықбайлық. Әрбірестіадамсаналыөмірүшінақыл-білімкенінкітаптаніздеп, кітаппендостасады. Іздегенкітабыңдыкөпкүттірмейтауыпберетінкітапханашыапайларғамыңалғыс. Кітапханашымамандығынкөбінесеәйеладамдартаңдайды. Еліміздекітапханашымамандығыжалақысытөменмамандықтардыңбірі. Қайқоғамдаболмасынкітапханаісімаңыздысаналады. 15 қазан Кітапханшылар күні мерекесімен барлық әріптестерді  мерекелерімен құттықтай отырып, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілегім келеді. Кітап сүйер қауыммен арадағы сенім мен құрмет беріп орныға берсін, еңбектеріңізге шалқар-шабыт тілейміз. Бұдан әрі де кітапханалық шеберлік шыңынан көріне беріңіздер, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Сондықтан да кітапханашыларкүніқұттыболсын!