«Үміт» бағдарламасы

DSCN2706 Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.

DSCN2707 Қазіргі нарық заманында,балалардың әлемнің барлық жаңалықтарын,көрнекті жазушылардың кітаптарын тегін алып оқитын орны кітапхана екені аян.Сол себепті қалалық кітапхана «Үміт» бағдарламасы бойынша өз қызметін көрсетуде. Бағдарламаның мақсаты денсаулығы мен мүмкіндігі шектеулі қамкөңіл балалардың сұраныстары бойынша уақытылы кітаптармен газет-журналдарды үйлеріне апарып, қамтамасыз етіп тұру.Осы балаларға әр аптаның сәрсенбі күндері бір реттен барылып,олардың сұраныстары қанағаттандырылады.

DSCN2708 Биыл  яғни 2014 жылы «Үміт» бағдарламасында 21 оқырман тізімде тұр. Жас  ерекшеліктер: 3-9 жас аралығындағы балалар.

1.Бауыржан қызы Ботагөз
2.Айдархан Қарлыбай
3.Ермағанбет Жәнібек
4.Кушабаев Нурлан
5.Утемурадов Еркебұлан
6. Таутанова Алуа
7. Шамсиддин Медет
 8. Темірбекқызы Ұлдана
9. Генинг Ангелина
10. Арсланбекова Фариза
11. Серікбай Арай
12. Мейірман Аяжан
13. Саттар Дана
14. Райымбаев Ерхан
DSCN2712 15. Жалмаханбет Бауыржан
16. Щеголькова Юлия
17. Төребаева Асель
18. Қуанышбек Айсұлу
19. Просяникова Анастасия
20. Мырзабек Мейірхан
21. Передерин Алексей

DSCN2713 Осы оқырмандар көбіне «Қазақ ертегілері», «Әжемнің ертегілері», «Батырлар жыры», «Қазақ мақал-мәтелдері» және де қазіргі жаңадан шығып жатқан ертегілерге сұраныстары жоғары.