Ерлік - ел есінде
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...9 мамыр – қан майданда шайқасып, найзаның ұшымен, білектің күшімен жауды тас талқан еткен -Ұлы Жеңіс Күні.
Осы ретте, өзіміздің қалалық кітапхана төрінде «Ел қорғаған ерлер» атты 9 мамыр-Ұлы Жеңіс Күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кештің сыйлы да қадірлі қонағы – ардагерлер қауымы болды. Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған халық қаһармандарының бейнесі өскелең ұрпақтың санасында берік сақталсын деген ниетпен Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін – Борсуков Сергей Николаевич пен тыл еңбеккері- Волкова Нина Ивановнаны арнайы шақырдық.
Мерекелік кеш барысында қонақтарға арнайы дайындалған концерттік бағдарлама көрсетілді «Ардагерлер, Сіздерге иіліп тағзым етеміз!» деп басталып кеткен концерттік бағдарлама өз жалғасын әсем ән мен тәтті күйден тапты... Сонымен қатар «Ерлік-елдің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар мен оқырман қауым назарына ұсынылды. Ал ардагерлер болса, Жеңісті жақындатуға қолдан келгеннің барлығын жасағандарын, балалары, немерелері мен шөберелерінің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқандары үшін ризашылықтарын білдіріп көздеріне жас алып, ерекше әсерге бөленді. Аталған іс-шарада кітапхана әдіскері ардагерлерді Жеңістің 68 жылдығымен құттықтап, майдандағы және тылдағы ерліктері үшін оларға терең алғыс білдіріп, кітапхана қызметкерлері атынан шағын сыйлықтар табысталды.