«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2015 г.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны туралы хабарлама Ұлттық академиялық кітапхана сайтында жарияланды. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр.

Көшпенділер трилогиясы жайлы айтылған пікірлер:

«... Алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жайында да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр»

Шыңғыс Айтматов

«І. Есенберлиннің «Көшпенділерін» мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес әрі мұнсыз ол толық қанды болмайды»

Әнуар Әлімжанов

«Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін – өзі танып білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады.

Чингис Гусейнов