«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2016 жыл
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2016 жылы бүкіл ел болып оқуға зар –заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болды. Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. 1880 жылы қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Дулат Бабатайұлы жайлы айтылған пікірлер:
Дулат жырларының күш- құдіреті оның көркемдік қуаты, мазмұн байлығымен қатар, замана келбетін бар бедерімен көрсете білген шыншылдығында.
Мұхтар Мағауин
Зар заманның қайғысын зарлап айтпай, зерлеп айтқан Дулаттың «тұнық жыры» - қиыннан қиыстырылып, шебер түзілген ойлы образдар мен айшықты тіркестерді құрайды.
Бауыржан Омарұлы
«Дуалы ауызды Дулат ақын»
Ханғали Сүйіншәлиев