«Бір ел- бір кітап» акциясы – 2016 жыл

Әлеуметтік-мәдени акция  - Қазақстан  Республикасының  Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен  2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.   Аталмыш акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту. 

«Бір ел- бір кітап » республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2016 жыл бүкіл ел болып оқуға зар- заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз- Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болды. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау мақсатында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Көрмеге: «Қазақ әдебиетінің тарихы» XIX  ғасыр әдебиеті, Дулат Бабатайұлы «Тұнық тұма», «Қазақ әдебиетінің тарихы»  XIX ғ. бірінші жартысы, Дулат Бабатайұлы шығармалары, «Ақындар аманаты» Қазақтың ауызша әдебиеті, «Жеті ғасыр жырлайды», Поэты пяти веков сынды кітап қорында бар кітаптар қойылды.  

IMG_2689 IMG_3655