Отпен оқ арасындағы Баубек хаттары

2016 жылдың 19 қаңтарында  әйгілі публицист Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығына орай «Приозерск  қалалық  кітапханасы» КММ-ның оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Әйгілі публицист» және оқу залында «Отпен оқ арасындағы Баубек хаттары» атты кітап  көрмесі ұйымдастырылған болатын.  

Көрмеге  кітапхана қорында бар 7-8 кітап пен қоса, газет-журналдардан

алынған қосымша материалдар  қойылды. Ұлан  байтақ Отанымыздың шетіне жау тиіп жатқанда, қазақстандықтар да қалмай атқа қонғаны бәрімізге аян. Солардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушы,  шайқаста ерлікпен қаза  болған  Баубек Бұлқышев атамыздың ерлігі жас ұрпаққа үлгі боларлық іс. Ал оның ерлік істерін насихаттап, туындылары мен отқа оранған хаттарын  бүгінгі ұрпаққа жеткізу біздің басты мақсатымыз. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жас ұрпаққа  патриоттық көзқарас қалыптастырып,  Отанын, елін, жерін сүюге насихаттайды.  Өзі айтқандай  туындыларында өмір жайлы толғаған.

Ұлы Отан  соғысында қан мен тер төгіп, азап шегіп,ақыры ғажайып елік көрсеткен батыр атамыздың алдында бас иеміз! 

image001 image002 image003