Поэзия тұлпары

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 9 ақпанында «Поэзия тұлпары» Мұқағали Мақатаевқа арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына 6 -9 сынып оқушыларының қатысуымен жүзеге асты. Басты мақсатымыз – Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

Тақырыпқа сай кітап  көрмесі, ақын туралы пікірлер жазылған плакаттар, слайд және деректі фильмдер оқырман назарына ұсынылды.

«Поэзия тұлпары»атты  ашық тәрбие сағатында  ақынның шығармашылығынан «Шеше», «Сәби ана», «Фантазия» «Поэзия», «Менің мақсатым», «Шыда, шыда», «Елім барда», «Ренші» атты өлеңдерін оқушылар оқып және  «Сарыжайлау», «Туған жер » әндері шырқалды.  Ал жас ақындарымыз ақын аталарына  шығарған арнауларын  да оқыған болатын.

Міне осылайша Мұқағали жырларының өміршеңдігіне тағы да бір көзіміз жетті.  Құрметті жыр сүйер оқырман  поэзия  әрқашан жан серіктеріңіз болсын демекпіз. 

IMG_2699 IMG_2750 IMG_2762 IMG_2766