Пушкин оқулары

«Приозерск қалалық кітапханасы»КММ-нің оқу залында  30- қарашада  Орыс халқының ұлы ақыны, лирикалық поэзияның шебері  А.С. Пушкин оқулары өтті.   Аталмыш  әдеби өнер сайысына №1 жалпы білім беру қазақ мектебі, № 2  мектеп бала – бақша кешені  және  Дорохов атындағы № 3 мектептің   оқушылары белсене  қатысты.   Байқау 3 шарттан құралған.  Анығырақ  айтсақ, қатысушыларға  Пушкиннің  табиғат лирикасын, достарына арналған өлеңдерін, әйелдер қауымына  арналған жыр  шумақтарын жатқа оқу міндеттелді. 1-орынға Сейілбекова Диана,2-орынға Таир Гулжайна,3-орынға Ағатаева Ақниет иеленді.Байқау өз  деңгейінде  ерекше, әсерлі өтті.

image002 image003 image004