Құрбан айт – қасиетті мереке

1-4 қыркүйек күндері мұсылман жамағаты үшін қасиетті күндер. Яғни, құрбан айт мерекесі. Бұл күндері құрбандыққа мал шалынып, әрбір мұсылман шаңырағында шелпек пісіріледі, құран оқылады. Қастерлі мейрам аясында  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ балалар бөлімі «Құрбан айт – қасиетті мереке» атты имандылық сағатын өткізді. Аталмыш шараға оқушылар және ата-аналар қатысты. Шара барысында, құрбан айт мерекесінің қадыр-қасиетті, шарттары, мағынасы түсіндірлді, арнайы слайд, бейнесюжет көрсетілді.

Мақсаты: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.

20170826_112455

20170826_111111

20170826_111049