Бас есепші бөлімі

e99ba42f-6c03-4f44-8026-795749f549d3

 

Бас есепші: Бижан Жазира Жуломанқызы
Байланыс телефоны: 8 (71039) 5-47-80; 8-700-094-28-03
Факс: 8 (71039) 5-48-66
e-mail: prio.biblioteka@mail.ru

Бас есепші лауазымының қызметтік міндеттері:

1.«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат бойынша бас есепші, заңға сәйкес мекеме бастығының бұйрығы мен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.

2.Функционалдық міндеті бойынша мекеме басшысына бағынады және бастықтың басшылығымен қызмет етеді.

3.Ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық және өзге де ережелер мен нормаларды Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес сақтау.

4.Мекеменің мүлкі мен мүліктік мүдделерін талан-таражға салудан, жойылудан, бүлінуден және өзге де қолайсыз жағдайлардан сақтау бойынша барлық іс-шараларды қолдану.

5.Мекеменің заңды мүдделеріне адалдықты сақтау, оның қаржылық, іскерлік және өзге де мүдделеріне зиян келтіретін іс-шараларға бармау, мекеме мүддесі мен басшы өкіміне қайшы келетін өзге заңды тұлғалар әрекеттеріне араласпау.

  1. Қызметкерге жүктелген қызметтерді орындау барысында белгілі болған мұрағат қызметінің және оның іскер әріптестерінің коммерциялық құпияларын танытатын мәліметтерді жарияламау.

7.Мекеме басшысының рұқсатынсыз ешқандай құжаттар, іскерлік қағаздар, сондай-ақ мекемеге тиесілі мүлік пен өзге заттарды шығармау.

8.Қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін және еңбек өнімділігін арттыру.

9.Шаруашылық-қаржылық қызметке бухгалтерлік есеп жүргізу және материалды, еңбек пен қаржы ресурстарына бақылау жүргізу.

10.Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес мекеме құрылымы мен

қызметінің ерекшелігіне және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты есеп саясатын қалыптастыру.

11.Ақша қаражаты, тауарлы-материалды құндылықтар мен негізгі қаражатқа толық есеп жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бухгалтерлік есепте олардың қозғалысына байланысты операциялар уақытылы көрініс табуы керек.

12.Алғашқы және бухгалтерлік құжаттарды, төлем міндеттемелерінің есеп-шоттарын, жалақы қорын шығындауды, мекеме қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны белгілеуді, негізгі мүліктерді, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын инвентаризациялауды рәсімдеу, бухгалтерлік есеп пен есепке алуды ұйымдастыруды тексеру тәртібін сақтауға бақылау жүргізу.

13.Қаражаттың жетіспеушілігі, ақша қаражаты мен тауарлы-материалды құндылықтарды заңсыз шығындау, қаржылық және шаруашылық заңнамаларды бұзудың алдын-алу бойынша іс-шаралар қолдану.

  1. Штаттық , қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік шаруашылық қызметтердің және өзге де қызметтердің сметасын, бухгалтерлік есеп шоттарынан қаржылық жетіспеушіліктер мен өзге де шығындарды шығынға жазу әрекетінің заңды болуын қатаң сақтауды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізу.

15.Баланс және кіріс пен шығыс, қаражат туралы шұғыл есептерді жасауды қамтамасыз ету.

  1. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға құқылы.

17.Мекеме бастығынан қызметіне қатысты ұсыныстарды жасауға құқылы.

  1. Бухгалтерлік есептің жүргізілуіне;

19.Бюджеттік және өзге де есеп-шоттар, дебиторлар мен кредиторлармен есептесу бойынша операциялардың уақытылы және дұрыс жүргізілуіне;

20.Бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын және тексерістер мен құжаттар ревизиясының уақытылы жүргізілуін бақылауға;

21.Бухгалтерлік есеп беруге;

22.Тиісті органдарға айлық, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстардың уақытылы тапсырылуына .

23.Өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.