Семей полигоны – атом зардаптары

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына  орай  2016 жылдың 25 тамызы күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Семей полигоны – атом зардаптары» тақырыбы аясында  презентация көрсетіп, оқу бөлімінде «Ядролық қарусыз әлемді қолдаймыз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары  туралы  мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру

IMG_1389