Әсеттің 500 әні

Қазақ даласының көпғасырлық тарихы, оның ішіндегі халқымыздың ежелгі ән шығарушылық-сазгерлік өнерінің тарихы заман көшін алға қарай алып жөнелген тұлпарлар тұяғының таңбасындай – бүгінде ел санасында сайрап жатыр.
Қолдарыңыздағы «Әсеттің 500 әні» атты қос томдыққа композитордың ел арасында кеңінен таралған танымал әндерін жинақтап, отырмыз. Әсеттің өзге музыкалық мұраларын әлі де жинақтай түсу – алдағы күндердің мүддесіне жататындығы – ақиқат.