Шарықтай бер, Приозерск!

Приозерск қалалық кітапханасының балалар бөлімінде  қала күніне орай дәстүрлі емес «Шарықтай бер, Приозерск» атты кітап көрмесі құрылған болатын.

Көрменің мақсаты: оқырманның туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.   Қаланың кешегі тарихынан мәлімет беру, яғни  өткені мен келешегіне тоқталу. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыру.

Көрмеге қала жайлы материалдар, белсенді оқырмандардың қала күніне жасаған бұйымдары қойылды. Мұндай көрмені ұйымдастыру кітапханашы мен оқырман арасындағы байланысты нығайта түседі.

Аталмыш көрмеге өнер және спорт мектебінен жазғы лагерь оқушылары жетекшілерімен бірге  қатысты. 

DSCF2742